Биік таулы Геокриология зертханасы
Негізгі ғылыми бағыттары:
- Қазақстан мен Орта Азия тауларында және жапсарлас жазықтарында көп жылдық тоңды және маусымдық тоңды жыныстардың таралу заңдылықтары мен құрылымын зерттеу.
- Солтүстік Тянь-Шаньның түрлі ландшафтық жағдайларында көпжылдық тоңның, жазда қатпайтын мұздардың, маусымдық қатып-еру температуралық режимінің мониторингі және климаттың өзгеруіне және адамның шаруашылық қызметіне байланысты олардың өзгеруінің болжамы.
- Криогендік процестер мен құбылыстардың таралу заңдылықтарын, морфологиясын, динамикасы мен эволюциясын, оның ішінде мұздықтар деградациясына және гляциалдық селдердің пайда болуына байланысты жаңа мореналарды зерттеу.
- Әр түрлі масштабтағы және мақсаттағы геокриологиялық карталарды құру әдістемесін жасау.
- Қазақстанның таулары мен жазығындағы геокриологиялық процестер мен құбылыстардың қауіптілік дәрежесін зерттеу және бағалау.