Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары:
- ағын қалыптасу аймағының криосфера құрамбөліктерінің даму мониторингі(қар жамылғысы, мұздықтар, жерасты мұздары);
- мұзбасу ауданы мен мұздық ресурстарын сенімді анықтау үшін жеткілікті көлемде бақылау бассейндері мұздықтарының жаңа каталогтарын жасау;
- ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы мұздықтар эволюциясының климаттық жағдайларын зерттеу.;
- трансшекаралық алаптар аумағында климаттық қар шекарасының биіктігін бөлу картасын есептеу және жасау;
- қар шекарасы биіктігінде қатқыл жауын-шашынның жылдық шоғырлануын есептеу және бөлу картасын жасау;
- трансшекаралық алаптардың мұздық жүйелерінің қазіргі және болжамды өзгерістерін бағалау;
- Қазақстан мен Орта Азия тауларында және жанасқан жазықтарында көп жылдық тоң мен маусымдық тоң жыныстарының таралу заңдылықтары мен құрылымын зерттеу;
- Солтүстік Тянь-Шаньның түрлі ландшафтық жағдайларында көпжылдық тоңның, жазда ерімейтін мұздардың, маусымдық қатып-еру температуралық режимінің мониторингі және климаттың өзгеруіне және адамның шаруашылық қызметіне байланысты олардың өзгеруінің болжамы;
- Криогендік процестер мен құбылыстардың таралу заңдылықтарын, морфологиясын, динамикасы мен эволюциясын, оның ішінде мұздықтардың деградациясына және гляциалдық селдердің пайда болуына байланысты жаңа мореналарды зерттеу;
- Әртүрлі масштабтағы және мақсаттағы геокриологиялық карталарды жасау әдістемесін әзірлеу;
- Қазақстанның таулары мен жазығындағы геокриологиялық процестер мен құбылыстардың қауіптілік дәрежесін зерттеу және бағалау;
- Қазақстанның таулы аудандарында қауіпті экзогендік процестердің (көшкіндер, селдер, жылжымалар, опырылымдар) таралу заңдылықтары мен қалыптасу жағдайларын зерттеу;
- табиғи қауіплік пен табиғи қауіп-қатерлерді бағалау және картографиялау әдістерін әзірлеу;
- табиғи қауіп-қатерлерді басқарудың ғылыми негіздерін жасау.