«ЖУСАЛЫ КЕЗЕҢ АСУЫ» БИІК ТАУЛЫ ГЕОКРИОЛОГИЯЛЫҚ СТАЦИОНАР
Стационар Іле Алатауында Үлкен Алматы өзенінің алабында, Жусалы Кезең асуында, теңіз деңгейінен 3300 м биіктікте, Алматы қаласынан 36 км жерде орналасқан. Стационар құрамына 2 үй, метеорологиялық алаң және термометрлік ұңғымалар желісі кіреді.
Стационар ЮНЕСКО қамқорлығымен 2 санаттағы Орта Азия өңірлік гляциологиялық орталығына тиесілі. Стационарда көпжылдық тоң топырақтардың температуралық режиміне бақылау жүргізіледі және климаттық өзгерістердің олардың жай-күйіне әсері зерттеледі. Стационар ауа температурасын және әртүрлі тереңдіктегі топырақты автоматты түрде жазу жүйесімен жабдықталған.
«ТҰЙЫҚСУ МҰЗДЫҒЫ» БИІК ТАУЛЫ ГЛЯЦИОЛОГИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРЫ
Стационар Іле Алатауында Кіші Алматы өзенінің алабында, Тұйықсу мұздығының моренасында, теңіз деңгейінен 3400 м биіктікте, Алматы қаласынан 20 км жерде орналасқан. Стационар құрамына 3 үй кіреді.
Стационар ЮНЕСКО қамқорлығымен 2 санаттағы Орта Азия өңірлік гляциологиялық орталығына тиесілі. Стационарда 1970 жылдан бастап Тұйықсу мұздығы массасының теңгерімін құраушыларға жыл бойы бақылау жүргізіледі. Тұйықсу мұздығы мұздықтардың ауытқуын бақылаудың әлемдік желісіне кіреді. Қазіргі уақытта ол КСРО ыдырағаннан кейін бақылаулар жалғасатын Орта Азиядағы жалғыз мұздық.
«ҮЛКЕН АЛМАТЫ КӨЛІ» БИІК ТАУЛЫ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СТАЦИОНАР
Стационар Іле Алатауында Үлкен Алматы өзенінің алабында, Үлкен Алматы көлінің жағасында, Алматы қаласынан 24 км қашықтықта теңіз деңгейінен 2500 м биіктікте орналасқан. Стационардың құрамына 3 тұрғын үй, асхана және гараж кіреді.
Стационар «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ Таулы аумақтардың геэкологиялық проблемалары зертханасына тиесілі. Стационар ЮНЕСКО қамқорлығымен 2 санаттағы Орта Азия өңірлік гляциологиялық орталығымен бірлесіп пайдаланылуда. Стационарда қар жамылғысын, қар көшкінін және басқа да қауіпті экзогендік процестерді далалық зерттеу жүргізіледі, рекреациялық ресурстарды бағалау әдістемесі пысықталады.