ВИЛЕСОВ ЕВГЕНИЙ НИКОЛАЕВИЧ ( 4.08. 1932 – 8.12.2017)

Евгений Николаевич Вилесов – профессор, гляциолог, география ғылымдарының докторы, Қазақстан мен ТМД-ның жетекші гляциологтарының бірі. 1957 жылдан бастап ҚазКСР ҒА География секторында жұмыс істеді.Тұйықсу мұздығында 5 ұңғымада мұз температурасын 85 мың өлшеу жүргізілді, 1962 жылы Әлемдік практикада алғаш рет Талғар шыңын қоса алғанда, ең биік шыңдарда 10 м тереңдікке дейін мұз бұрғылауды орындады. Медеу мұз айдынында қар мен мұздың қасиеттерін зерттеді. 3 қыстау мен 45 дала маусымын өткізді. Ірі мұздық жүйелердің кеңістік-уақыттық өзгергіштігін, массасы мен мұздық ағысының теңгерім динамикасын зерттеді, болашақта мұздықтардың жай-күйі мен мөлшерін болжаумен айналысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физикалық география кафедрасында Е.Н.Велесовтың жетекшілігімен жүздеген курстық жұмыстар қорғалды, 100-ден астам дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертациялар, сондай-ақ екі кандидаттық диссертация дайындалды. Студенттердің ғылыми жұмыстары Бүкілодақтық және республикалық конкурстарда бірнеше рет бірінші орындарға ие болды.

Жарияланымдары:

«Современное оледенение Казахстанского Алтая», 1969

«Эволюция современного оледенения Заилийского Алатау в ХХ веке», 2001 (совместно с В. Уваровым)

«Физическая география Республики Казахстан» с соавторами,  

«Современные проблемы гляциологии», учебное пособие

 «Климатические условия г. Алматы», 2010

 «Оледенение Джунгарского Алатау: прошлое, настоящее, будущее», 2013 (с соавторами)

 «Основы ледниковедения», 2015, учебное пособие

«Қазақстан мұздықтары каталогының» 7 саны, Қазақ КСР Атласындағы карталар топтамасы (1982), Дүниежүзілік қар және мұз ресурстарының атласын (1997), Қазақстанның ұлттық атласын (2006 жарияланды.