Пальгов Николай Никитич (27.11 (9.12) 1889 -  2.06.1971)

Николай Никитич Пальгов –ҚазКСР ҒА академигі, профессор, гляциолог, география секторының жетекшісі (1945-1970 жж.). Жол жұмысшысы, плотогон, балықшы, топограф-геодезист болып жұмыс істеді. 1922 жылы География қоғамының тапсырмасы бойынша Алматы маңындағы Тұйықсу мұздықтарын зерттей бастады. Үлкен Алматы, Шелек өзендерінің жоғарғы ағысындағы және Іле Алатауындағы мұздықтарда аспаптық бақылаулар жүргізді, Оңтүстік Тянь-Шаньдағы Көкшаалтау және Теріскей Алатау жоталарындағы мұздықтардың сипаттамасын жасады, сол кезде белгісіз ірі мұздану тораптарын ашты. Н. Н. Пальгов мұздықтар динамикасының метеорологиялық факторларға тәуелділігін зерттеді. Оның басшылығымен Қазақстан ҒА География секторы 1956 жылы гляциология бойынша халықаралық геофизикалық жылдың қатысушысы болды, сондай-ақ Қазақстан ресурстарына зерттеулер жүргізілді. Көптеген ғылыми қоғамдардың мүшесі болды. Н. Н. Пальговтың сіңірген еңбегі, оның аскеталық қызметі оның есімінің Көкшаалтау жоталарындағы, Іле Алатауы мен полярлық Оралдағы мұздықтарға берілуімен ерекшеленді.

 

Жарияланымдары:

«Ледниковые реки хребта Заилийский Алатау», 1948;

«Природа Казахстана в очерках и картинах»,  1950; 

«Малоалматинские ледники хребта Заилийского Алатау», 1956;  

«Современное оледенение в Заилийском Алатау», 1958;

«Реки Казахстана», 1959;

«Оледенение Заилийского Алатау», 1969

«Жизнь одного ледника», 1970.