Water Towers Partnership бастамасын іске асырудың мақсаттары, міндеттері және тетіктерін айқындау жөніндегі Scoping meeting

  Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі және ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы «Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2026 жылғы 31 наурызда онлайн форматта өткен Water Towers Partnership бастамасын іске асырудың мақсаттары, міндеттері және тетіктерін айқындау жөніндегі Scoping meeting кездесуін өткізді.

Кездесу ЮНЕСКО-ның қолдауымен жоғары деңгейде өтті (ЮНЕСКО-ның Су ғылымдары бөлімінің Үкіметаралық гидрологиялық бағдарламасы аясындағы гидрология, климат және бейімделу секциясының басшысы Анил Мишраның, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік офисі директорының өкілі Лариса Когутенконың қатысуымен) және әлемдік деңгейдегі гляциолог-мамандар мен басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен ұйымдастырылды: Т. Сакс, Фрибур университеті, Швейцария; М. Шахгеданова, Рединг университеті, Ұлыбритания; М. Земп – Цюрих университеті, Дүниежүзілік мұздықтарды мониторингтеу қызметінің директоры, Швейцария; Т. Больх, Грац университеті, Австрия; Р. Сатылканов – Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Су проблемалары және гидроэнергетика институтының директоры, Қырғызстан; Б. Молдобеков, қосдиректор, Орталық Азия қолданбалы Жер зерттеулері институты (ЦАИИЗ), Қырғызстан; Р. Рахмонов – Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Қоршаған ортаны қорғау комитетінің Гидрометеорология агенттігінің Гляциологиялық орталығының басшысы; Г. Носенко, Ресей ғылым академиясының География институты; А. Каюмов, «Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясының Мұздықтарды зерттеу орталығы» мемлекеттік ғылыми мекемесінің экспедициялық және далалық зерттеулер бөлімінің бас ғылыми қызметкері; М. Петров, Өзбекстандағы Х.М. Абдуллаев атындағы Геология және геофизика институтының Мұздықтар геологиясы орталығы зертханасының меңгерушісі; сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің; Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің; Орталық Азия университетінің; Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың; «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ-ның; У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институтының; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері.

Scoping meeting кездесуі барысында қатысушылар Water Towers Partnership бастамасын бірауыздан қолдап, бірлескен жұмысқа дайын екендіктерін білдірді.

Scoping meeting қатысушыларының ұсыныстары негізінде Су мұнаралары серіктестігі бастамасы шеңберіндегі өзара іс-қимыл және ынтымақтастық қағидаттары қалыптастырылып, олар бойынша келесі шешімдер қабылданды:

– Ынтымақтастықтың күтілетін нысандарын айқындау (бірлескен жобалар, бастамаға қатысушы елдердің сарапшыларын өңірлік/жергілікті жобаларға тарту және т.б.).

Барлық қатысушылар ынтымақтастықтың қажеттілігін қолдап, оның іске асырудағы ең маңызды фактор екенін атап өтті.

– Ынтымақтастықтың күтілетін нысандарын айқындау (бірлескен жобалар, бастамаға қатысушы елдердің сарапшыларын өңірлік/жергілікті жобаларға тарту және т.б.).

 

 

 

 

Барлық қатысушылар ынтымақтастықтың қажеттілігін қолдап, оның «Water Towers Partnership» бастамасын іске асырудағы басты фактор екендігін және бұл криосфера ғылымдарының дамуына ықпал ететінін атап өтті.

– Ынтымақтастықтың күтілетін нысандары бойынша әртүрлі ұсыныстар айтылды:

Бірлескен жобаларды іске асыру және тек Орталық Азия өңірінде ғана емес, сондай-ақ басқа да шетелдік мемлекеттерді тарта отырып, жаһандық деңгейде ынтымақтастықты дамыту.

– Конференция ұйымдастыру.

Барлық қатысушылар конференция ұйымдастыруды қолдап, оны ағымдағы жылдың соңында немесе келесі жылы өткізу, ал алдағы уақытта мұндай іс-шараларды екі жылда бір рет ұйымдастыру ұсынылды.

Таулы криосфера саласындағы зерттеулердің басым бағыттарын талқылау.

Басым бағыттар қатарында: криосфера мониторингі, деректер алмасу, мұзданудың климаттық өзгерістерге байланысты өзгерістерін бағалау, климаттың өзгеруін талдау және криосферада жүріп жатқан процестерді модельдеу.

– Әлеуетті арттыру / кадрларды даярлау.

Бұл мәселе аса маңызды деп танылып, оны шешу үшін бірлескен ғылыми және білім беру семинарларын, тренингтер мен экспедицияларды өткізу ұсынылды. Орталық Азия университеті мамандар даярлау ісінде өз қолдауын ұсынды.

– WTP бастамасын қаржыландыру мәселелерін талқылау.

Негізгі мәселе – Қазақстан Республикасы Үкіметі WTP бастамасын қаржыландыра ма және әрі қарай донорларды қалай тарту қажет екендігі. Бұл мәселе қосымша пысықтауды талап етеді.

– WTP басқару нысаны бойынша ұсыныстарды талқылау (Басқарушылар кеңесі – құрамы; өкілеттіктері және т.б.).

Бұл ЮНЕСКО аясында әрекет ететін Басқарушылар кеңесі немесе Комитет болуы мүмкін, алайда кез келген жағдайда оның халықаралық мәртебесі болады.

 

Осылайша, Water Towers Partnership бастамасы бойынша ғылыми коалиция құрылды.

Water Towers Partnership

Наурыз 31, 2026