Академик И.В.Северский «Парасат» орденімен марапатталды

ЮНЕСКО аясындағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының ұжымы ҚР ҰҒА академигі, орталықтың ғылыми жетекшісі Северский Игорь Васильевичті "Парасат"орденін алуымен құттықтайды!

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен И. В. Северский қазақстандық ғылымның, география ғылымының және гляциологияның дамуына қосқан зор үлесі үшін "Парасат" орденімен марапатталды.

Бүгін, 2023 жылдың 9 қарашасында ҚР Президентінің атынан Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жоғары наградаларды салтанатты түрде тапсырды.

Игорь Васильевичтің ғылымдағы өмір жолы көптеген жас ғалымдар үшін үлгі, кәсіби іске асырудың рөлдік моделі!

Құрметті Игорь Васильевич, сіздерді осы айтулы оқиғамен құттықтаймыз және ғылымда одан әрі табыстар, керемет идеялар мен жаңа ғылыми жаңалықтар ашуыңызды тілейміз! Сізге зор денсаулық, өмірлік қуат және алға қойған мақсаттарыңызға жету үшін сергектік тілейміз!

Academician I.V. Severskiy,"Parasat"

Қар. 10, 2023