Құрметті әріптестер, сіздерді Ғылым қызметкерлерінің күнімен құттықтаймыз!

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күніне орай ЮНЕСКО аясындағы 2 санаттағы «Орталық Азия өңірлік гляциологиялық   орталығының» бірнеше  алдыңғы қатарлы ғалымдарын гляциология ғылымы саласындағы еңбектерін жоғары бағалай отырып медальдармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрі Саясат Нурбектің атынан гляциология орталығының директоры Т.О. Балықбаев орталықтың қызметкерлеріне тиісті марапаттарын табыстады.

Ғылым саласындағы ұзақ және табысты еңбегі үшін ЮНЕСКО аясындағы 2 санаттағы «Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының» келесідей қызметкерлері Пиманкина Нина Вальеревьна «Ғылымның дамуына сіңірген еңбегі үшін» медалімен және Ерисковская Людмила Андреевна «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Министрліктің Құрмет грамотасымен Егоров Александр Борисович, Благовещенская Ольга Петровна және Скиба Владимир Викторовичтер марапатталды.

Министрліктің Алғыс хатымен Диких Ирина Александровна және Ребров Юрий Александровичтер марапатталды.

Аталған марапаттар ЮНЕСКО аясындағы 2 санаттағы «Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының» әрбір қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының ғылымына қосқан жеке шығармашылығының жетістігін мойындау болып табылады!

Орталықтың марапатқа ие болған әрбір  қызметкерлеріне зор денсаулық, ары қарай да кәсіби даму,  сонымен бірге тау белестерін ғана емес ғылыми белестердіде бағындыруына тілектеспіз!

Жоғарыда аталған марапаттар ғылыми жаңалықтар ашумен қатар ЮНЕСКО аясындағы 2 санаттағы «Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының» ары қарайда кәсіби өсуіне, әлемдік ғылыми қауымдастық тарапынан беделін мойындауға стимул болады деп сенеміз!

Құттықтаушы ЮНЕСКО аясындағы 2 санаттағы «Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының» басшылығы.

 

 

 

Day of Science!

Сәуір 19, 2023