2022 жылдың 1-4 қарашасы аралығында Алматы қаласында «Киосфера және онымен байланысты климаттың өзгеру жағдайында биік таулы Азиядағы қауіптер»
2022 жылдың 1-4 қарашасы аралығында Алматы қаласында «Киосфера және онымен байланысты климаттың өзгеру жағдайында биік таулы Азиядағы қауіптер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары: ЮНЕСКО-ның халықаралық таулы аймақтарды кешенді дамыту орталығымен (ICIMOD), Ага Хан Хабитат агенттігімен (AKAH) және Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығымен бірлескен ұйымдастыруы.
2020 жылы Алматы қаласында БҰҰ мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы келісім негізінде әлемдегі бірден-бір болып саналатын Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы құрылғанын қазақстандықтардың көпшілігі біле бермейді.
ЮНЕСКО қамқорлығы аясында Қазақстанда Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының құрылуы (2-санат) қазақстандық ғылымның гляциология саласындағы Солтүстік Тянь-Шань және Іле Алатауы мұздықтарын көп жылдар бойы зерттеген жетістіктерін, сондай-ақ, гляциолог-ғалымдардың 60 жылдан астам ұзақ уақыт бойы қалыптастырған және Дүниежүзілік мұздықтарды бақылау қызметіне WGMS (Цюрих, Швейцария) жіберілген деректер базасы үшін халықаралық ғылыми қоғамның мойындауы болып саналады.
Орталықтың негізгі қызметі Орталық Азиядағы гляциология мәселелері бойынша зерттеулерді ұйымдастырумен және дамытумен байланысты, сондықтан бұл халықаралық конференция қазақстандық ғалымдарға өз жетістіктері туралы айтуға және конференция қатысушыларымен, яғни Орталық Азия мемлекеттері экономикасының су секторының басшыларымен, беделді халықаралық ұйымдардың өкілдерімен және әлемнің көптеген елдерінің сарапшыларымен криосфераның өзекті мәселелері бойынша жинақталған тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік берді.
Конференция тақырыбын талқылау өте өзекті мәселе екені анық. Жақын болашақта климаттың өзгеруіне, халықтың өсуіне, урбанизация, экономикалық даму және технологиялық ілгерілеуге, соның ішінде су қауіпсіздігі ұстанымына байланысты бұл аймақтың мұздық жүйелеріне зор салмақ түседі деп күтілуде.
Тұщы судың тапшылығы, оның қайнар көздерінің бірі болып табылатын мұздықтар соңғы жылдары халықаралық шиеленістің себептерінің біріне айналды. Осылайша, суға қатысты қақтығыстардың қаупі артуда. Мұндай жағдайда тұщы судың болуының маңызды аспектісі - Орталық Азия өңірі елдерінің ынтымақтастығы пен диалогының басты ынталандырушысы ретінде, бейбітшіліктің, қауіпсіздік пен тұрақтылықтың орнауына ықпал етуінде. Жаһандық және аймақтық климаттық өзгерістер, мұздықтардың тез еруі және олардың аумағының қысқаруы, сондай-ақ осыған байланысты қауіптер, трансшекаралық бассейндердегі қарқынды шаруашылық қызмет, Орталық Азия аймағындағы су тапшылығы әлеуметтік-экономикалық проблемалардың өсуіне себеп болады.
Бұл конференция түрлі елдер ғалымдарының озық тәжірибелерімен бөлісуге және алмасуға, гляциология, тау гидрологиясы, геокриология бойынша болашақтағы криосфераның өзгеруіне байланысты қатерлерді басқару мүмкіндігін қалыптастыру мақсатындағы әріптестік пен бірлескен зерттеулерге байланысты тұрақты қоғамдастықтар құруға ықпал етеді.
Криосфера
Қар. 29, 2022