Тоқмағамбетов Ғанибек Асқарұлы (2.06. 1932-24.04.1992)

Ғанибек Асқарұлы Тоқмағамбетов – геофизик, гляциолог, география ғылымдарының кандидаты. 1966-1983 жылдары-география секторының меңгерушісі, 1983 жылы ҚазКСР ҒА география институтын басқарды. Көп жыл қатарынан Қазақстанның географиялық қоғамының төрағасы болып сайланды. Елдің барлық тау жүйелерінің мұздықтарында жұмыс істеді. Қардың, қиыршықмұздың, мұздың физикалық-механикалық және термофизикалық қасиеттерін, мұздықтардағы мұздың жинақталу, өзгеру және жұмсалу процестерін зерттеді. Ол көптеген жылдар бойы климат пен мұздықтардың өзара әрекеттесуін, мұзбасудың қазіргі жағдайын, мұздықтардың қар мен мұз құрылымын зерттеуге арнады. Ірі ғылыми бағдарламаларға: гляциалдық селдерді болжау әдісін әзірлеуге, КСРО мұздықтарының каталогын жасауға белсене қатысты. Дүниежүзілік қар және мұз ресурстарының атлас карталарын жариялады (2006). Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты.

 

Жарияланымдары

«Ветровой режим и перераспределение снега и снежного покрова в нивально-гляциальной зоне Заилийского Алатау», 1968 (совместно с П.А. Судаковым)

«Строение фирново-ледяной толщи в области аккумуляции ледников юго-восточной части Чилико-Кеминского горного узла», 1969 (в соавторстве с П.А. Судаковым)

«Сток с ледников бассейна р. Большая Алматинка», 1971 (с соавторами)

 «Ледники Заилийского Алатау», 1976  

«Тайна природных льдов Казахстана», 1978

«Расчет и прогноз распределения и режима горных ледников», 1985 (совместно с Н. Ерасовым)

«Көшпелі  мұз селдері», 1985