Макаревич Константин Григорьевич  (25.01.1922-17.06.2017)

Константин Григорьевич Макаревич – Қазақстан мен ТМД-ның жетекші гляциологтарының бірі, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, альпинист, география ғылымдарының кандидаты, 60 жыл бойы ҚР ҒА География институтында жұмыс істеді. «Тұйықсу» гляциологиялық станциясының негізін қалаушы және жетекшісі, «Медеу»мұз айдынын жасау бойынша патент авторларының бірі. Мұзбасуға климаттық факторлардың әсерін, мұздықтар массасының тепе-теңдігін, мұздықтардың кеңістіктік өзгеруін, мұздықтардың ағуын зерттеді. Мұздықтарды бақылау әдістеріне көп көңіл бөлді. Ол лүпілдеуіш мұздықтарды зерттеді. 20 жылдан астам уақыт бойы Дүниежүзілік мұздықтар мониторингі қызметінде (WGMS) КСРО-ның ресми өкілі болды. Халықаралық симпозиумдардың ұйымдастырушысы және қатысушысы, Қазақстан географиясы және гляциология бойынша жинақтың редакторы.

 

Жарияланымдары:

«Разведка верховий Иссыкского ущелья», 1952

«Оледенение Заилийского Алатау», 1969 (в соавторстве)

«Ледник Туюксу», 1985

«Оледенение Тянь-Шаня», 1997 (с соавторами)

«A comparison of three methods of mass-balance determination in the Tuyuksu glacier region, Tien Shan, Central Asia», 2004 (с W.Hagg, L.Braun, V. Uvarov)

«Методические аспекты исследований баланса массы и колебаний горных ледников», 2007

«Фотоатлас ледников Иле Алатау», 2013

Дүние жүзінің қар және мұз ресурстарының атласында 8 карта (1997), Қазақстанның ұлттық атласын (2006) жарияланды. 200-ден астам ғылыми мақалалардың, монографиялардың, аймақтық және өмірбаяндық кітаптар мен эсселердің авторы.