ЮНЕСКО қамқорлығымен 2 санаттағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы 2017 жылғы 1 наурызда Астана қаласында ҚР Президенті Н. Ә.Назарбаев қол қойған ЮНЕСКО мен Қазақстан Үкіметі арасындағы Келісімді ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ гляциология зертханасының базасында құрылды.

Құру кезеңдері:

1. Қазақстанда орталық құру туралы ұсынысты Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Германия, Швейцария, Непал, Қытай, Жапония, Канада, АҚШ және Үндістан ғалымдарының қатысуымен өткен «Азияның қарлы-мұзды және су ресурстарын бағалау» (Алматы, 2006 жылғы 28-30 қараша) Өңірлік кеңесіне қатысушылар ұсынды. (Regional Workshop on Assessment of Snow-Glacier and Water Resources in Asia. 28-30 November 2006 Almaty, Kazakhstan)

2. Осы ұсынысты дамыту үшін Қазақстан Үкіметі 2008 жылдың басында ЮНЕСКО басшылығына ҚР БҒМ География институтының гляциология зертханасының базасында Алматыда Орталық және Алматы маңындағы Іле Алатауының солтүстік баурайында жұмыс істеп тұрған үш биік таулы стационар құру ұсынысымен жүгінді. Қазақстан Үкіметі өңір елдерімен тиісті консультациялар өткізді.

3. 2008 жылғы наурызда ҚР Үкіметінің бұл ұсынысын ЮНЕСКО Халықаралық гидрологиялық бағдарламасының Хатшылығы, ал 2008 жылғы маусымда аталған ЮНЕСКО бағдарламасы бойынша Үкіметаралық кеңес қолдады, содан кейін тиісті құжаттар ЮНЕСКО Бас Ассамблеясының түпкілікті шешімін қабылдау үшін берілді.

 

4. 2012 жылғы 29 мамырда Астанада Қазақстан Республикасының Үкіметі мен білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасында Қазақстан Республикасында ЮНЕСКО аясында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын (2-санат) құру туралы келісім жасалды.

 

5. Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 1 наурыздағы № 50-VI ҚРЗ.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында ЮНЕСКО аясында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын (2-санат) құру туралы келісімді ратификациялау туралы.

 

6. "ЮНЕСКО қамқорлығымен Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы (2-санат)" ЖШС мемлекеттік тіркеу-28 мамыр 2020 ж.

 

7. Халықаралық шарттарға сәйкес ЮНЕСКО аясында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын (2-санат) қаржыландыру туралы "ҚР Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 18.02.2021 жылғы №76 қаулысы.