ПРЕСС-РЕЛИЗ

2022 жылдың 11 сәуірінде сағат 11-00-де Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28 мекен-жайы бойынша орналасқан «Ғылым ордасы» ғылыми кітапханасының конференц-залында (3 қабатта) ЮНЕСКО аясындағы 2-санатты Орта Азия өңірлік гляциологиялық орталығының тұсаукесері өтті.

ЮНЕСКО қамқорлығымен Орта Азия өңірлік гляциологиялық орталығы (бұдан әрі – Орталық) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНЕСКО арасындағы келісім негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша және Орта Азиядағы көршілес елдер – Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей үкіметтерінің келісімімен құрылды. Орталықтың қызметін ҚР Үкіметі қаржыландырады және ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 636 Қаулысымен Орталық ҚР БҒМ Ғылым комитетіне ведомстволық бағынысты ұйымға айналды.

Орталық гляциология проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру және Орта Азиядағы мұздықтардың, қардың және мәңгі тоңның жай-күйіне мониторинг жүргізуге қатысатын түрлі ұйымдар арасында ақпарат алмасу, халықаралық гидрологиялық бағдарламаның мақсаттарына сай келетін гляциология проблемалары бойынша зерттеулердің өңірлік бағдарламаларын енгізу және дамыту үшін құрылған.

Орталық сондай-ақ ЮНЕСКО бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдесу үшін құрылған, мүше мемлекеттердің әлеуетін, техникалық сараптамасы мен тәжірибесін ілгерілету және бірлесіп пайдалану үшін мүмкіндіктер береді, сондай-ақ өңірлік желілерді құруға жәрдемдесуі, ресурстық орталық ретінде әрекет етуі мүмкін.

Орталық тау криосфера (оның басты құрамбөліктері – қар жамылғысы, мұздықтар, жер асты мұздары) динамикасының мониторингінен бастап тұрғындар мен орталық қызметі және ықтималды қауіп-қатерлер туралы шешім қабылдайтын тұлғаларды ақпараттандыруға дейінгі міндеттерді шешеді және басты мәселе су қауіпсіздігі проблемасының гляциологиялық аспектілерін әзірлеу болып табылады.

Орта Азияда қар жамылғысы мен мұздықтардың еріген сулары өзендер таулардан шыққанға дейін жылдық ағынның кемінде 80% - ын құрайды, ал мұздық ағысы вегетациялық кезеңде өзендер ағынының 30-40% - ын құрайды, қалыптасқан суармалы егіншілік жүйесінің болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан, орталықтың ғылыми зерттеулерінің басты бағыты алаптардың таулы бөлігіндегі қар және мұздық ресурстарының динамикасын зерттеу.

Орталықтың қызметіне халықаралық Басқарушылар кеңесі басшылық етеді, оның құрамына Қазақстанның өкілдері, ЮНЕСКО-ның Бас директоры және Өзбекстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Ресей Федерациясының өкілдері кіреді.

Орталықта теңіз деңгейінен 3500 м жоғары биіктікте Солтүстік Тянь-Шань тау жотасында – «Тұйықсу мұздығы» мен «Жосалы-Кезен» екі биік таулы ғылыми стационар жұмыс істейді, солардың базасында 1956 жылдан бастап жыл бойы үздіксіз бақылау жүргізіледі.

Орталықтың тұсаукесеріне «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ өкілдері, «У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты» ЖШС. ҚР ЭГТРМ «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы ҚР ТЖМ «Казселденқорғау» ММ, ҚР БжҒМ ҒК жанындағы «Ғылым» ММ, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институты, Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, Қазақ-Неміс университетінің өкілдері., сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

ЮНЕСКО аясындағы Орта Азия өңірлік гляциологиялық орталығының тұсаукесерін орталық директоры, профессор Т.О. Балықбаев пен  ғылыми жетекші, ҚР ҰҒА академигі И.В.Северский ашты. Талқылау барысында орталықтың жұмысы мен даму перспективалары туралы сұрақтар қойылып, одан әрі табысты қызмет тіледі.

 

PRESS RELEASE

Сәуір 26, 2022