Дүниежүзілік мұздықтар күніне арналған дөңгелек үстел.
«ЮНЕСКО аясындағы 2-санатты Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы» (бұдан әрі-Орталық) 2026 жылғы 20 наурызда Халықаралық мұздықтарды сақтау жылы мен Дүниежүзілік мұздықтар күніне арналған дөңгелек үстел өткізді.
«Мұздықтарды сақтау – адамзат алдында тұрған ең өзекті міндеттердің бірі. Бұл ежелгі мұз құрылымдары – жай ғана қатқан су емес, олар – Жер планетасының климаттық тарихының сақтаушылары, миллиардтаған адамдар үшін тіршілік көзі және көптеген мәдениеттер үшін қасиетті орындар. Олардың жылдам жойылуы – қазір әрекет етуіміз қажет екенін еске салатын қатаң белгі», – деп мәлімдеді ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле.
Мұздықтардың адамзат өміріндегі рөлін түсінудің маңыздылығы сарапшылар деректерімен де дәлелденеді: әлемдегі тұщы су қорының 70%-ы мұздықтар мен мұз жамылғыларында шоғырланған. Алайда бұл мұз құрылымдары климаттың өзгеруі салдарынан жылдам азаюда. Осы ресурстарды сақтау экологиялық тұрақтылықты, экономикалық орнықтылықты қамтамасыз ету және мәдениет пен өмір сүру көздерін қорғау үшін аса маңызды. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым 2024 жылдың бақылаулар тарихындағы ең жылы жыл болғанын растады және климат жағдайына, соның ішінде мұздықтардың шегінуіне байланысты бірнеше рет «қызыл» ескертулер жариялады. 2023 жылы мұздықтар соңғы бес онжылдықтағы ең үлкен мұз массасының жоғалуына ұшырады. Мұздықтар мен мұздың еруі миллиондаған адамдар үшін ұзақ мерзімді су қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Бұл халықаралық жыл бүкіл әлем үшін дабыл белгісі болуы тиіс», – деп мәлімдеді Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның Бас хатшысы Селеста Сауло.
БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын 21 наурыз Дүниежүзілік мұздықтар күні ретінде атап өтіледі. 2025 жылы ЮНЕСКО осы күнді алғаш рет Париждегі штаб-пәтерінде 20–21 наурыз аралығында атап өтті.
Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы мұздықтарды сақтау бағытындағы түрлі іс-шараларға қатысуда, 2026 жылғы сәуірде өтетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысуды жоспарлап отыр, сондай-ақ криосфера бойынша өңірлік конференция ұйымдастыруды, тренингтер өткізуді, Тянь-Шань мен Памир тауларындағы халықаралық экспедицияларға қатысуды және Қазақстан мұздықтары туралы ақпараттық материалдар шығаруды көздейді.
Дүниежүзілік мұздықтар күніне орай өткізілетін дөңгелек үстел жұмысына мамандар, сарапшылар, оның ішінде ғылыми ұйымдардың өкілдері – «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ, ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық Палата, «Ионосфера институты» ЖШС, «ҚР ТЖМ Қазселденқорғау» ММ, Алматы қаласы бойынша «Қазгидромет» РМК қатысты және Алматы облысы, "Jerdin Dostary" ҚБ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тұрақты даму орталығы мен Қазақстан Республикасының ЖОО - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қатысты.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
UNESCO
Наурыз 20, 2026




