ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы «Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы» мен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін төмендету орталығы арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы мемо
2026 жылғы 19 ақпанда ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы «Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы» (ОАӨГО) директоры Т.О. Балықбаев пен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін төмендету орталығының (ТЖжТАҚТО) директоры Д.И. Укашев арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында ТЖжТАҚТО директоры Джергалбек Укашев ұйым қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндап, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бастамалармен таныстырды.
Өз кезегінде ОАӨГО директоры Такир Балықбаев Орталықтың қызметі мен даму перспективалары туралы айтып, Орталық Азияның таулы аймақтарындағы криосфераны зерттеудегі, сондай-ақ өңірдің су және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы «Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы» мен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін төмендету орталығы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
|
|
|
Меморандумды іске асыру шеңберінде ынтымақтастықтың келесі негізгі бағыттары айқындалды:
- мұздықтар мен криосфераның өзге де элементтерін бірлесіп мониторингтеу және ғылыми зерттеулер жүргізу;
- гляциологиялық, гидрометеорологиялық және геокеңістіктік деректермен алмасу;
- ғылыми-техникалық және сараптамалық өзара іс-қимыл, оның ішінде бірлескен бағалаулар мен консультациялар өткізу;
- кадрлар даярлау және әлеуетті арттыру (тренингтер, семинарлар, тағылымдамалар арқылы);
- өңірлік және халықаралық бірлескен жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру;
- ғылыми және ақпараттық-ағартушылық іс-шараларды бірлесіп өткізу.
Меморандумға қол қою — ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы «Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы» мен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін төмендету орталығы арасындағы ғылыми-практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудағы маңызды қадам болып табылады.

CESDRR, CARGC
Ақп. 19, 2026

