ЕҚЫҰ-ның Астана қаласындағы Офисінің басшысы, Елші Алексей Роговтың ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы «Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығына» сапары

2026 жылғы 12 ақпанда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Астана қаласындағы Офисінің басшысы, Елші Алексей Рогов ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы «Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығына» (Орталық) сапармен келді.

ЕҚЫҰ делегациясының құрамында Орталыққа: Офис басшысы, Елші Алексей Рогов, жобалық мамандар Нигмият Нұртаза және Мирас Макитов келді.

Орталық ұжымынан кездесуге: директор Такир Балықбаев, ғылыми жетекші Игорь Северский, халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Александр Егоров, зертхана жетекшілері Александр Кокарев пен Василий Капица, сондай-ақ экспедициялық жұмыстар жетекшісі Николай Касаткин қатысты.

Орталық директоры, профессор Т. Балықбаев Орталықтың қызметі мен даму перспективалары, оның ішінде бірлескен халықаралық жобалар туралы презентация ұсынды. Ал Орталықтың ғылыми жетекшісі, ҚР ҰҒА академигі И.В. Северский ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары мен нәтижелерін таныстырды.

ЕҚЫҰ Миссиясының басшысы, Елші Алексей Рогов ЕҚЫҰ-ның әлемдегі, Орталық Азиядағы және Қазақстандағы қызметі туралы баяндады. Астана қаласындағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Офисінің жобалық маманы Нигмият Нұртаза өңірдегі ЕҚЫҰ қызметінің экономикалық және экологиялық аспектілері, оның ішінде экологиялық мәселелерді шешуде өңірлік ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу туралы айтты.

Кездесу барысында Орталық Азияның таулы аймақтарындағы мұздықтарды, қар жамылғысын және мәңгі тоңды мониторингтеудің өңірдің су және азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан маңыздылығы талқыланды. Сондай-ақ Орталықтың Мұздықтарды сақтау жөніндегі халықаралық жыл аясындағы міндеттерді орындауға қатысып жатқаны, Астана қаласында өтетін алдағы Өңірлік экологиялық саммитті дайындауға және «Water Tower Partnership» бастамасына қатысатыны атап өтілді.

Кездесуге қатысушылар ұйымдар жүзеге асырып жатқан жобаларға, бастамалар мен іс-шараларға бірлесіп қатысу мүмкіндіктерін талқылап, өзара ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу конструктивті әрі достық жағдайда өтті.

 

OSCE, CARGC

Ақп. 18, 2026