ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТОРЛАРЫНЫҢ ГЛЯЦИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА ІССАПАРЫ
2026 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаторлары С.М. Ершов пен Ж.Б. Асанова ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында елдің теңгерімді экологиялық дамуы аясында Орталықтың даму стратегиясына қатысты мәселелер талқыланды.
Орталық директоры, профессор Т.О. Балықбаев қатысушыларды 2025 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Қазақстан Үкіметі мен ЮНЕСКО арасындағы Қазақстандағы ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының мәртебесін жаңарту туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғаны жөнінде хабарлады.
Аталған маңызды Келісім мұздықтарды, қар мен мәңгі тоңды зерттеу саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ климаттың өзгеруі жағдайында олардың өңірдің су ресурстарына әсерін бағалауға бағытталған.
Орталық директоры, профессор Т.О. Балықбаев Орталықтың қызметі мен жұмыс перспективалары туралы презентация ұсынды. Орталықтың ғылыми жетекшісі, ҚР ҰҒА академигі И.В. Северский атқарылған жұмыстардың негізгі ғылыми нәтижелері, оның ішінде бірлескен халықаралық жобалар жөнінде баяндады. Осы тұрғыда Орталық Азияның таулы аймақтарында мұздықтарды, қар жамылғысын және мәңгі тоңды мониторингтеу маңыздылығы атап өтілді.
Сондай-ақ Орталықтың Мұздықтарды сақтау жөніндегі халықаралық жыл аясындағы міндеттерді іске асыруға, экологиялық саммитті және Water Tower Partnership (Су мұнаралары серіктестігі) бастамасын даярлауға қатысып жатқаны атап өтілді.
|
|
Кездесу барысында сенатор С.М. Ершов сел және су тасқыны сияқты қауіпті экстремалды құбылыстарды болжау мақсатында криосфераны мониторингтеу және зерттеу жұмыстарымен айналысатын елдің жетекші ұйымдарының күш-жігерін біріктіру және үйлестіру қажеттігін атап өтті.
Сенатор Ж.Б. Асанова ғылыми зерттеулерге инвестициялар тарту және олардың экономикалық нәтижелері мәселелерін көтерді.
Кездесу конструктивті әрі достық ортада өтті.
|
|
GLACIOLOGICAL CENTRE
Қаң. 20, 2026

