Баспасөз релизі
2025 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстандағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы орталық мәртебесін қайта жаңғырту туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңына қол қойылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстандағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы орталық мәртебесін қайта жаңғырту туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды.
Заң 2025 жылғы 19 маусымда Астана қаласында қол қойылған келісімді (бұдан әрі – Келісім) ратификациялауды көздейді, бұл 2012 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЮНЕСКО арасындағы келісім негізінде құрылған Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының (бұдан әрі – Орталық) мәртебесін қайта жаңғыртуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Келісімге сәйкес, Орталық гляциология мәселелері, криосфера компоненттері (қар жамылғысы, мұздықтар, мәңгі тоң, тасты глетчерлер, көмілген мұздар) бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, Орталық Азиядағы мұздықтар, қар және мәңгі тоңның жай-күйін мониторингтеуге қатысатын әртүрлі ұйымдар арасында ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру және ақпарат алмасу, сондай-ақ Халықаралық гидрологиялық бағдарламаның мақсаттарына сәйкес келетін гляциология мәселелері бойынша өңірлік зерттеу бағдарламаларын енгізу және дамыту сияқты міндеттерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЮНЕСКО-ның бастамасы бойынша 2020 жылы құрылған және ЮНЕСКО аясындағы әлемдегі жалғыз гляциологиялық орталық болып табылатын Орталық Келісімді ратификациялау туралы Заңға сәйкес ең жоғары мерзімі 8 жылға дейінгі кезеңде қызмет атқаратын болады.
Орталықтың маңыздылығы мұздықтардың Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің су ресурстарымен қамтамасыз етілуіндегі шешуші рөлімен айқындалады. Мұздықтар вегетациялық кезеңде өзен ағынының 50 пайызға дейінін және өңірдің таулы-мұздық алаптарында жылдық ағынның 80 пайыздан астамын қалыптастырады. Аталған су ресурстары суармалы егіншілік, энергетика және ауызсумен қамтамасыз ету салаларында пайдаланылатындықтан, мұздықтардың жай-күйі өңірлік су қауіпсіздігінің ортақ мәселесіне айналып отыр.
Орталық мемлекеттік органдарды Сырдария, Әмудария, Іле, Шу–Талас өзен алаптарындағы мұздықтардың, қар жамылғысының жай-күйі және ағынның қалыптасуы жөніндегі деректер мен есептеулермен қамтамасыз етеді. Зерттеулер Орталық Азия елдерінің ғылыми ұйымдары мен мамандарымен тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі, бұл өңірдің су ресурстары бойынша бірыңғай әрі салыстырмалы ғылыми базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Орталықтың қызметінің тиімділігі 2023 жылы жүргізілген ЮНЕСКО аудитімен расталды. Сарапшылар оның ЮНЕСКО аясындағы Орталық Азиядағы жалғыз мамандандырылған гляциологиялық орталық ретіндегі бірегей мәртебесін, биік таулы станциялардың және көпжылдық бақылау қатарларының болуын, сондай-ақ Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (КӨҮСТ) баяндамаларын қоса алғанда, жаһандық мониторинг жүйелеріне деректерді ұсынудағы шешуші рөлін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстандағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы орталық мәртебесін қайта жаңғырту туралы келісімді ратификациялау туралы Заңға қол қойылуы Қазақстан үшін маңызды оқиға болып табылады және елдің халықаралық аренадағы мәртебесін арттырады.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс деректері:
ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы «Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Мекенжайы: Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 99
Тел: +7 701 770 06 16
Email: info@cargc.org
Press Release
Қаң. 31, 2026