Мұздықтарды сақтау халықаралық жылына арналған пошта маркасын салтанатты түрде арнайы мөрмен басу рәсімі

UNESCO CARGC 2025 год сохранения ледников

 

2025 жылғы 17 қазанда сағат 11:00-де Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303 мекенжайында орналасқан БҰҰ Плаза ғимаратында «ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы» және Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесі Халықаралық мұздықтарды сақтау жылына арналған пошта маркасын салтанатты түрде арнайы мөрмен басу рәсімін өткізді.

 

БҰҰ Бас Ассамблеясы 2025 жылды Мұздықтарды сақтау халықаралық жылы деп жариялады. «Мұздықтарды сақтау – адамзат алдындағы ең өзекті міндеттердің бірі. Бұл көне мұзды қалыптар жай ғана қатқан су емес – олар ғаламшарымыздың климаттық тарихының сақтаушылары, миллиардтаған адамдар үшін өмірдің көзі және көптеген мәдениеттер үшін киелі орындар. Олардың жылдам жойылуы – біздің дәл қазір әрекет етуіміз керектігін еске салатын қатаң ескерту», – деді ЮНЕСКО Бас директоры Одри Азуле.

Мұздықтарды сақтау халықаралық жылын өткізу мұздықтардың, қар мен мұздың климаттық жүйедегі және су айналымындағы рөлін тереңірек түсінуге, сондай-ақ мұздықтардың жылдам еруінің ұзақ мерзімді салдарлары туралы білімді кеңейтуге мүмкіндік береді.

Мұздықтарды сақтау халықаралық жылы аясында ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы «Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі және «Қазпошта» АҚ бірлесе отырып, «Мұздықтарды сақтау халықаралық жылы» тақырыбындағы пошта маркасының шығарылымын дайындады

Естелік марканың шығарылуы мұздықтарды сақтау тақырыбының танымалдығын арттыруға ықпал етеді. Бұл тақырып Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия өңірі үшін экологиялық тұрақтылық пен экономикалық тұрақтылық тұрғысынан аса маңызды, себебі еріген қар мен мұздық сулары өңірдегі су ресурстарының негізгі көзі болып табылады.

Марканың шығарылуына арналған салтанатты іс-шараға ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесінің, «Қазпошта» АҚ, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ, ҚР ҰҒА академигі, «Ионосфера институты» ЖШС, «Қазгидромет» РМК, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тұрақты даму орталығы мен География және табиғатты пайдалану факультетінің, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география факультетінің өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

 

 

ЮНЕСКО

Қаз. 17, 2025