Тренинг «Здоровье и безопасность в условиях высокогорий» на станции «Ледник Туйыксу» бассейн реки Киши Алматы

«Таулы аймақтардағы денсаулық пен қауіпсіздік» тренингі

Кіші Алматы өзені алабындағы «Тұйықсу мұздығы» станциясында (2025 жылғы 17–19 маусым)

 ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы «Орталық Азия өңірлік гляциология орталығы» Swiss Polar Institute (SPI) және Groupe d’Intervention Médicale en Montagne (GRIMM) ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп, Кіші Алматы өзені алабындағы «Тұйықсу мұздығы» станциясында «Таулы аймақтардағы денсаулық пен қауіпсіздік» тақырыбында тренинг өткізді.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Швейцариядан келген 8 адам (оқытушылар, жас мамандар және ұйымдастырушылар) қатысты.

Мақсат – биік таулы жағдайда жұмыс істейтін мамандарды жарақат түрлері, олардың себептері және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету әдістері бойынша теориялық және практикалық оқыту.

17 маусымда тренинг қатысушылары Кіші Алматы өзені алабындағы 3 450 метр биіктікте орналасқан «Тұйықсу мұздығы» жоғары таулы станциясына жеткізілді. Тренингке Швейцария, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан өкілдері қатысты – жалпы саны 16 адам.

Тренерлер ретінде Swiss Polar Institute (SPI) және Groupe d’Intervention Médicale en Montagne (GRIMM) ұйымдарының өкілдері Барбара Вайз, Кристоф Берклаз және Луис Марксер жұмыс жүргізді.

Тренинг дәрістер түрінде өткізіліп, олардың соңынан тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. Дәрістер барысында қатысушылар таулы жерлерде жұмыс істеу немесе болу кезінде жиі кездесетін жарақат түрлері, олардың себептері және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету әдістерімен танысты.

Теориялық бөлім. Барбара Вайз мойын омыртқалары жарақаттанған жағдайда алғашқы көмекті көрсету тәсілін көрсетті.

Теориялық бөлім. Таулы аймақта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету алгоритмі

Сондай-ақ таулы аймақта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету алгоритмі таныстырылды. 4 000 метрден жоғары биіктікте адамның ағзасында байқалатын реакциялар және гипоксия, үсу сияқты алғашқы белгілер пайда болған жағдайда теріс әсерлерді азайтудың әдістері түсіндірілді.

Тәжірибелік сабақтарда дәрістер барысында алынған білімдер бекітілді. Лекторлар шұғыл көмек көрсету тәсілдерін – әрі қарапайым құралдарды қолдана отырып, әрі кәсіби жабдықтармен көрсету арқылы үйретті.

Тәжірибелік бөлім. Қолда бар құралдармен үсуден және ультракүлгін күн сәулесінен қорғану әдістері.

Тәжірибелік сабақтар барысында қозғала алмайтын зардап шеккендерді эвакуациялау тәсілдеріне және тасымалдау құралдарын құрастыру әдістеріне ерекше назар аударылды.

Тәжірибелік бөлім. Зардап шеккендерді эвакуациялау құралдарын жасау үшін таулы аймаққа арналған құрал-жабдықтарды қолдану.

Тәжірибелік бөлім. Альпинистік арқанды пайдалана отырып зардап шеккенді тасымалдау.

Сондай-ақ, қатысушылар ашық қол-аяқ сынулары жағдайында арнайы икемді шиналар мен серпімді таңғышты пайдалану арқылы алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін тәжірибе жүзінде пысықтады.

Тәжірибелік бөлім. Қолдың ашық сынуы кезінде алғашқы көмек көрсету.

Шартты түрде жарақат алған адам рөлінде Луис Марксер болды, оған импровизацияланған сынық қойылды.

Тренингтің қорытынды бөлімінде лекторлар Еуропалық Одақ елдерінде алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қолданылатын заманауи медициналық препараттарды таныстырды.

 

Дәрілік заттар мен оларды қолдану тәсілдерінің таныстырылымы өтті

 

 

ПРОГРАММА

 

Health and Safety in High-Altitude Environments

Шілде 31, 2025