«Памир» жобасы аясындағы тренинг– «Мұздықтарда жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы», Орталық Тұйықсу мұздығы, Кіші Алматы өзені алабы, Қазақстан (2025 жылғы 20–21 маусым)
«Памир» жобасы аясындағы тренинг– «Мұздықтарда жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы», Орталық Тұйықсу мұздығы, Кіші Алматы өзені алабы, Қазақстан (2025 жылғы 20–21 маусым)
ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы «Орталық Азия өңірлік гляциология орталығы» Фрибург университетінің ғалымдарымен бірлесіп, «Памир» жобасы аясында Кіші Алматы өзені алабындағы Орталық Тұйықсу мұздығында «Мұздықтарда жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы» атты тренинг өткізді.
Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Швейцариядан келген 8 адам (оқытушылар, жас мамандар және ұйымдастырушылар) қатысты.
Мақсаты – мұздықтарда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша теориялық және практикалық білім беру.
Бағдарламаға сәйкес, 20 маусымда жазғы мектептің қатысушылары Т1 станциясынан Орталық Тұйықсу мұздығының тіл жағына дейін 3 500 метр биіктікке көтеріліп, альпинистік құрал-жабдықтарды киді.
Жазғы мектеп қатысушылары Орталық Тұйықсу мұздығының тіл жағында.
Кейін олар мұздықтың тілі бойымен байлаулы түрде, қолдарында мұз балталарымен, аяқтарында қашалар (қашау табандар), бастарында каскамен шамамен 3 700 метр биіктікке дейін көтерілді.
Жазғы мектеп қатысушылары сабақ өткізілетін орынға қарай көтерілуде.
Осы жерде қатты жел мен қар аралас жаңбыр секілді қолайсыз ауа райы жағдайында мұздықтың бетіне мұзсүймендер мен арқан көмегімен бекіну тәсілдері үйретілді.
Тәжірибелік сабақтар.
21 маусымда құздан құлаған адамдарды құтқару бойынша тәжірибелік сабақтардың екінші бөлігі өтті.
Алдымен барлық қатысушылар Орталық Тұйықсу және Зоя Космодемьянская мұздықтарын бөліп тұрған моренаға көтеріліп, тік дерлік жарқабақ беткейінен оқу-жаттығуға қолайлы орын таңдады. Осы жерде нұсқаушылар теориялық нұсқама жүргізді.
Теориялық нұсқама.
Кейін оқушылар екі топқа бөлінді. Тренингке қатысушылардың әрқайсысы алдымен мұз балталар мен арқандарды қолданып, сақтандыру арқанын бекітуге арналған берік тіректер жасауды үйренді және олардың мықтылығы мұқият тексерілді. Соңғы кезең – тік жардан адам құтқару болды. Әр қатысушы кезекпен жар қабырғасына ілініп, сәтті түрде жоғарыға шығарылды.
Бекіткіштерді орнату және «зардап шеккенді» жардан шығару.
Тәжірибелік сабақтардан кейін нұсқаушылар альпинистік құрал-жабдықтар бойынша шолу жүргізді. Қандай арқан түрлері қандай жағдайларда қолданылады және олардың жарамдылық мерзімі қандай, қашалар, каскалар, мұз балталар, мұзсүймендер, карабиндер және басқа да жабдықтар қандай болады – осының бәрі түсіндірілді.
Central Tuyuksu Glacier
Шілде 31, 2025