«Су жолы: мұз, өзендер және қуаңшылық тарихы» атты халықаралық фотокөрме

2025 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Су жолы: мұз, өзендер және қуаңшылық тарихы» атты халықаралық фотокөрменің салтанатты ашылуы өтті.

Көрмеде әлемнің түкпір-түкпірінен келген авторлардың мұздықтар мен өзендерден бастап құрғақшылық пен жоғалып бара жатқан су көздеріне дейінгі судың әр алуан бейнесін көрсететін 21 фотоәңгімесі ұсынылды. Бұл фотосуреттер климаттың өзгеруі жағдайында су экожүйелерінің сұлулығын ғана емес, сонымен қатар олардың нәзіктігін де бейнелейді.

Фотокөрменің ашылу салтанатында сөз сөйлегендер: ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесінің директоры, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО өкілі А.Ф. Пирич, ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы «Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы» ЖШС директоры Т.О. Балықбаев, Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директоры – Г.М. Жұмабекова, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесінің Жаратылыстану ғылымдары бөлімінің басшысы.

Көрме ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі, OneWater ұйымы және ЮНЕСКО-ның Су ресурстарын бағалау жөніндегі Дүниежүзілік бағдарламасының ынтымақтастығымен ұйымдастырылды. Іс-шара Мұздықтарды сақтау жөніндегі халықаралық жыл мен ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық гидрологиялық бағдарламасының 50 жылдығына орай өткізілді.

 

Walk of Water

Маусым 30, 2025