Мұздықтарды сақтау жөніндегі жоғары деңгейдегі халықаралық конференция

2025 жылғы 28 мамыр мен 1 маусым аралығында Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласында Мұздықтарды сақтау жөніндегі жоғары деңгейдегі халықаралық конференция өтті. Конференцияға әлемнің 80 елінен 2500-ден астам сарапшы қатысты, олардың қатарында үкіметтік делегациялардың басшылары, өңірлік және халықаралық ұйымдардың, ғылыми-зерттеу институттарының және даму жөніндегі серіктестердің жоғары лауазымды өкілдері болды. Конференция мұздықтарды сақтау жөніндегі Халықаралық жыл аясында, БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясында қолдау тапқан Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның бастамасымен ұйымдастырылды.

ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы атынан конференцияға қатысқан өкілдер:

В.П. Капица – Биіктаулы геокриология зертханасының жетекшісі

А.Б. Егоров – Халықаралық байланыстар бөлімінің жетекшісі

С.У. Ранова – Табиғи қауіптер зертханасының жетекшісі

Д.К. Кисебаев – Қар мен мұз ресурстары динамикасын мониторингілеу зертханасының ғылыми қызметкері

 

Конференция аясында ОАӨГО қызметкерлері келесі іс-шараларға қатысты:

2025 жылғы 28 мамырда В.П. Капица «Тау етегінен стратегияға дейін: Орталық Азияда климаттық тұрақтылық пен су қауіпсіздігін арттыру үшін криосфералық деректерді пайдалану» атты Орталық Азияда климаттық тұрақтылық пен су қауіпсіздігін арттыру үшін криосфералық деректерді қолдануға арналған мүдделі тараптардың қатысуымен өткен семинарға қатысты.

2025 жылғы 29 мамырда Орталық Азияның гляциология және криосфера бойынша өңірлік форумында (Тәжікстан Республикасы Үкіметінің Қоршаған ортаны қорғау комитетінің Гидрометеорология агенттігі) келесі үш баяндама ұсынылды:

  1. Орталық Азия өзендері ағысының қалыптасу аймағының криосфера динамикасы (В.П. Капица);
  2. Іле Алатауы, Солтүстік Тянь-Шань өзендерінің ағыс динамикасы (Д.К. Кисебаев);
  3. Іле Алатауындағы мұздық-сел қаупі (С.У. Ранова).

Сондай-ақ, 2025 жылғы 29 мамырда, В.П. Капица мен А.Б. Егоров Орталық Азиядағы 2026 жылғы Өңірлік климаттық саммитке дайындыққа арналған төртінші консультациялық кездесуге қатысты. Кездесу тақырыбы: «Климаттық ғылым мен зерттеулерді түгендеу: Орталық Азиядағы тұрақты шешімдерге негіз».

2025 жылғы 30 мамырда мұздықтарды сақтау және су ресурстарын орнықты басқару жөніндегі халықаралық жоғары деңгейдегі конференцияның негізгі жұмыс күні өтті.

Іс-шара «Кохи Сомон» мемлекеттік кешенінде ұйымдастырылып, оған үкімет өкілдері, халықаралық ұйымдар, ғылыми қауымдастық мүшелері мен түрлі елдердің сарапшылары қатысты. Жұмыс күні делегация басшыларының құттықтау сөздерімен басталған ресми ашылу рәсімімен ашылды.

Ашылу рәсімінен кейін ОАӨГО өкілдері келесі сессияларға қатысты:

1-сессия – «Мұздықтар, Арктика мен Антарктикадағы мұз қалқандары, теңіз деңгейінің көтерілу қаупі және шағын аралдық дамушы мемлекеттерге арналған стратегиялар»;

5-сессия – «Мұздықтардың болашағы: климаттың өзгеруіне бейімділікті арттыру мақсатында білім, қоғамдастықтар мен саясатты біріктіру».

Конференция аясында шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер мен пікірталастар өтті.

2025 жылғы 31 мамырда мұздықтарды сақтау жөніндегі халықаралық жоғары деңгейдегі конференция жұмысы пленарлық және тақырыптық сессиялар форматында жалғасты. Сессиялар мұздықтарға тәуелді аймақтардағы ғылыми қамтамасыз ету, мониторинг және климаттың өзгеруіне бейімделу стратегияларына арналды. ОАӨГО өкілдері келесі сессияларға қатысты:

9-сессия – «Мұздықтар мен криосфера туралы соңғы ғылыми деректер»;

11-сессия – «Мұздықтарды сақтау мен бейімделуге арналған климаттық қаржыландыру және инвестициялар».

2025 жылғы 31 мамыр кешкісін халықаралық конференция аясында ұйымдастырылған «Мұздықтың әні» атты көрмені Ботаникалық бақта тамашалады.

2025 жылғы 2 маусымда тәжікстандық әріптестермен кездесу өтті, күн барысында Орталық өкілдері Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясының Мұздықтарды зерттеу орталығын көрді.

Қорытынды және түйіндеме:

Халықаралық конференцияға қатысу криосфераны, қауіпті табиғи үдерістерді және су ресурстарын басқару салаларындағы озық ғылыми тәсілдер мен халықаралық тәжірибемен танысуға мүмкіндік берді. Кәсіби байланыстар орнатылып, өзекті білімдер алынды. Конференция тұрақты даму саясатына ғылымды интеграциялау мен трансшекаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Душанбе

Маусым 25, 2025