Үшінші Субөңірлік Семинар

«Орталық Азия елдерінің тұрақтылығын нығайту: тұрақты даму мен климаттың өзгеруіне бейімделуге арналған кешенді тәсілдерді әзірлеу мақсатында нивалдық-гляциалдық жүйелерді бағалау саласындағы өңірлік ынтымақтастықты ілгерілету» тақырыбындағы Үшінші Субөңірлік Семинар

 

2025 жылғы 2–3 сәуірде Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында ГЭФ_ПРООН_ЮНЕСКО жобасына арналған үшінші Субөңірлік семинар өтті.

Семинардың мақсаты – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан мамандары арасындағы криосфераны зерттеу саласындағы ынтымақтастықты нығайту. Шекаралық-диагностикалық талдау негізінде ұлттық және субөңірлік істер бағдарламаларын әзірлеуге арналған ғылыми негіз қалыптастыру.

Семинарға Өзбекстаннан 14 ұйымның, Қазақстаннан 9 ұйымның, Қырғызстаннан 8 ұйымның, Тәжікстаннан 8 ұйымның, Түрікменстаннан 12 ұйымның өкілдері, сондай-ақ Швейцарияның Фрибург университетінің және ЮНЕСКО-ның өңірлік және елдік кеңселерінің өкілдері қатысты.

ЮНЕСКО қамқорлығындағы 2-санаттағы «Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының» (ОАӨГО) атынан семинарға жетекші ғылыми қызметкерлер Н.В. Пиманкина мен А.Б. Егоров қатысты.

Семинар аясында «Ұлттық және субөңірлік істер» тақырыбында қатысушылардың ашық диалогы өтті.

ГЭФ-тің техникалық кеңесшісі Т. Макеев мырза Орталық Азиядағы криосфераны мониторингтеу, бақылау және зерттеу саласындағы негізгі мәселелерге қатысты Диагностикалық Талдау (ДТ) жобасын таныстырды. ДТ-ны құрастыруға Қазақстан ғалымдары да қатысқан.

Семинар барысында Фрибург университетінің (Швейцария) ғалымдары қолданыстағы бағдарламалар негізінде әзірлеген презентация ұсынды. Қазіргі уақытта мұздықтардың жаппай деградациясы мен қар жамылғысы ауданының қысқаруы байқалуда. Болжамдық сценарийлерге сәйкес, өзендердің ағынының шарықтау шегі көктем мезгіліне ығысады. Сырдария өзенінде ағын тапшылығы әсіресе жаздың соңында қатты сезіледі деп күтілуде. Ал Әмудария өзені алабында ең үлкен өзгерістер көктем айларында болады деп болжануда.

Бағдарламаға сәйкес криосфераны мониторингтеу және зерттеу саласындағы пилоттық жобалардың тұсаукесерлері өтті. Қазақстан атынан қатысушылар «Орталық Азияда климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыру мақсатында криосфераны инновациялық мониторингтеу» атты пилоттық жобаның тұжырымдамасын ұсынды. Жобаның мақсаты – Фрибург университетінің Snow Mapper моделін қар жамылғысы мен мұздықтарды мониторингтеу жүйесімен біріктіру арқылы таулы аймақтардағы су тасқыны қаупі жоғары кезеңде халық пен инфрақұрылым қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ету.

Басқа елдерден келген қатысушылар мониторинг жүйесін дамытуға, туризмді ұйымдастыруға, сондай-ақ криосфераның өзгеруі мен қауіпті процестердің дамуының жергілікті тұрғындарға төндіретін қауіптерінен қорғауға бағытталған жобаларды ұсынды.

Әр түрлі елдерден келген қатысушылар зерттеу әдістерін стандарттау, деректерді цифрландыру, архивтік материалдарды цифрлау, кадрлар даярлау, криосфераны зерттеу мәселелерін оқу процесіне енгізу және Орталық Азияның криосферасын зерттеуге жастарды тарту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Шараларда Халықаралық мұздықтар жылы аясында іс-шараларды даярлау және өткізу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, 2024 жылғы 3 желтоқсанда Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) Қазақстан Республикасының Президенті көтерген «Су мұнаралары серіктестігі» бастамасын іске асыру мәселелері талқыланды. Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының (ЦАРГЦ) қызметкерлері су айналымында маңызды рөл атқаратын мұздықтарды зерттеу жұмыстарын жалғастырады.

 

Семинардың қорытындысы: ГЭФ әдістемесіне сәйкес жобаның жалпы көзқарасы, мақсаттары мен негізгі міндеттері айқындалды. Жалпы, серіктестік ғылыми зерттеулер жүргізу, ақпарат алмасу және кадр тапшылығын жеңу бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары мақұлданды. Қатысушы елдер криосфераның негізгі мәселелерін шешуге бағытталған іс-шаралар бойынша өз ұстанымдарын ұсынды, олар Ұлттық іс-қимыл жоспарларының негізін құрайды.

Семинар жалпы алғанда қолданыстағы ғылыми байланыстарды нығайтуға және жаңа байланыстарды қалыптастыруға ықпал етті, қатысушылар осы маңызды зерттеу саласында білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісу мүмкіндігін алды.

 

 

CARGC

Сәуір 11, 2025