Қазақстан Республикасындағы Франция Республикасы Президентінің «One Water» Саммиті бойынша арнаулы өкілі Барбара Помпили ханым бастаған Француз делегациясымен кездесу
12.06.2024 ж. Халықаралық Аралды құтқару қорының (Алматы қаласы ХҚЕС ИД) Атқарушы Дирекциясының кеңсесінде Қазақстан Республикасындағы Франция Республикасы Президентінің «One Water» Саммиті бойынша арнаулы өкілі Барбара Помпили ханым басқаратын Француз делегациясының ХҚЕС ИД, Гидробиология және экология институты, ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының (бұдан әрі - Орталық) басшылығымен кездесуі өтті.
Кездесуде Орталық директоры Т. Балыкбаев тұсаукесер жасап, Орталықтың қызметі және оның жетістіктері туралы айтып берді. Т. Балықбаев баяндамасында Орталықтың қызметі көптеген проблемалар мен міндеттер бойынша мына іс-шаралар жүзеге асырылатынын атап өтті: Іле Алатаудағы биіктаулы үш станция базасында криосфера (қар жамылғысы, мұздықтар, жерасты мұздары) мониторингі, Дүниежүзілік мұздықтар мониторингі қызметіне (Wgms, Швейцария) Тұйықсу мұздығы массасы теңгерімінің мониторинг нәтижелері туралы жыл сайын есеп беру, бірлескен экспедициялар өткізу, Германияның халықаралық ынтымақтастықты қолдау қоғамы (GIZ) Орталық Азия бойынша Жасыл бастама шеңберіндегі орталыққа қатысушы елдердің мамандарының, орталық қызметкерлерінің Халықаралық бағдарламалар мен жобаларға, көптеген өңірлік және халықаралық ғылыми конференциялар мен жұмыс семинарларына қатысу.
Сондай-ақ, ХҚЕС ИД бас директоры С. Мұқатаев және Гидробиология және экология институтының директоры М. Баймұқанов баяндама жасады. Кездесу достық жағдайда өтті.
Кеңеске қатысқандар: Француз делегациясынан - Франция Президентінің арнаулы өкілі Барбара Помпили ханым, IRS комитетінің өкілдері және Францияның Қазақстан Республикасының Елшілігінің атташесі;
Орталықтан: Такир Балықбаев, Александр Егоров, Ғабит Дулатов.
Бұдан әрі Талғар асуына дейін фуникулярға көтеріліп, Кіші Алматы өзені аңғарына жасалған экскурсияда Орталықтың жетекші ғылыми қызметкері Александр Кокарев Іле Алатауының Солтүстік беткейіндегі мұздықтардың панорамасын көрсетіп, Орталық алдында тұрған мұзданудың деградациясымен байланысты проблемалар жөнінде баяндады.
«One Water»
Шілде 4, 2024