Жұмыс кеңесі

27.05.2024 ж. Алматы қ. ЮНЕСКО кеңсесінде ЮНЕСКО Бас директорының өкілі Әмір Фазлиевич Пирич мырзамен, Алматыдағы ЮНЕСКО өңірлік бюросының директоры ЮНЕСКО аяғындағы 2 – санатты Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы (бұдан әрі-ОАӨГО) басшылығының кездесуі өтті. Кездесуде  ОАӨГО-ның жаһандық экологиялық қоры (ЖЭҚ), БҰҰДБ және ЮНЕСКО-ның «Тұрақты дамудың кешенді әдістерін әзірлеу және климаттың өзгеруіне бейімделу мақсатында биік таулы нивалдық-гляциалдық жүйелерді бағалау саласындағы өңірлік ынтымақтастыққа жәрдемдесу арқылы Орталық Азия елдерінің тұрақтылығын нығайту» жобасына қатысуының жалпы және техникалық мәселелері талқыланды.

Кеңеске ЮНЕСКО-дан: Әмір Пирич, Нана Барамидзе, Диана Арипханова, Лариса Когутенко; ОАӨГО-нан: Такир Балықбаев, Игорь Северский, Александр Егоров, Василий Капица қатысты.

 

UNESCO

Мамыр 27, 2024