ЮНЕСКО аясындағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының Басқарушылар кеңесінің отырысы

2023 жылдың 14 маусымда Алматы қаласында ЮНЕСКО аясындағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының Басқарушылар кеңесінің отырысы өтті, оның құрамына тұрақты негізде – Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының директоры және Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы ЮНЕСКО өкілі, Пирич Амир мырза; РҒА География институтының гляциология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері - ЮНЕСКО өкілі Ресей Федерациясынан Носенко Геннадий Андреевич мырза; Өзбекстан Республикасының гидрометеорологиялық қызметі орталығының бас директоры-Өзбекстан Республикасының өкілі  Хабибуллаев Шерзод Хабибуллахужайұлы мырза; Тянь - Шань су проблемалары және гидроэнергетика институтының биіктаулы ғылыми орталығының меңгерушісі-Қырғыз республикасының өкілі Сатылқанов Рысбек Абылайұлы мырза қатысты.

ЮНЕСКО Кластерлік бюросының директоры Пирич Амир мырза құттықтау сөз сөйледі.

 

А.Ж. Бибосынов – Басқарушылар кеңесінің төрағасы ретінде отырыс өткізді, орталықтың қызметі туралы Орталық директоры Т. О. Балықбаев және ғылыми жетекші, ҚР ҰҒА академигі Игорь Васильевич Северский баяндама жасады.

Орталық басшысы Т. О. Балықбаев Басқарушылар кеңесінің мүшелеріне қаржылық қызмет туралы есепті, орталықты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған бағдарламасын мен кеңес мүшелері қараған және бекіткен басқа да ішкі нормативтік құжаттарды ұсынды.

Іс-шараға қатысушылар гляциология саласындағы өзекті мәселелерді талқылады, өзбек тарапы Орталық Азия тауларында бірлескен экспедициялар өткізуге өзбек ғалымдарын белсенді тарту қажеттілігі туралы ұсынымдар берді, ҚР ҰҒА Тянь-Шань биік таулы ғылыми орталығының меңгерушісі Р. А. Сатылкановтан жас кадрларды ғылыми экспедицияларға тарта отырып, Тянь - Шань мұздықтарында қар өлшеу жұмыстарын жүргізуге жас кадрларды бірлесіп даярлау және тәжірибеде оқыту туралы ұсыныс түсті.

Отырысқа қатысушылардың барлығы мұздықтардың еруіне және соның салдарынан жердегі тұщы су қорының азаю қаупіне әкепотыр. Жер  климатының антропогендік өзгеруіне байланысты гляциология саласындағы орталықтың бірлескен жұмыстары мен зерттеулерін жалғастыру қажеттігі туралы бірауыздан пікір білдірді.

Совета управляющих

Маусым 30, 2023