"Жасыл Орталық Азия" бағдарламасы аясында 2023 жылғы 17 наурызда Ташкент қаласында Орталық Азия ведомстволары мен Орталық Азиядағы мұздықтар мониторингі және модельдеу жөніндегі өңірлік жұмыс тобы бас

"Жасыл Орталық Азия" бағдарламасы аясында 2023 жылғы 17 наурызда Ташкент қаласында Орталық Азия ведомстволары мен Орталық Азиядағы мұздықтар мониторингі және модельдеу жөніндегі өңірлік жұмыс тобы басшыларының бірлескен отырысы өтті.

Өңірлік жұмыс тобының жұмысы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) және Қазақстанды қоса алғанда, бес елдің ұлттық сарапшыларының қолдауымен жүзеге асырылады.

Бұл іс-шараның мақсаты Орталық Азиядағы мұздықтар мониторингі және модельдеу бойынша одан әрі бірлескен жұмыстарға қатысты ұлттық талдау жүргізу және есеп дайындау болды. Отырысқа Қазақстаннан ЮНЕСКО аясындағы Орта Азия өңірлік гляциологиялық орталығының директоры, профессор Т. О. Балықбаев және ғылыми қызметкерлер В. П.Капица, А. Б. Егоров қатысты.

Төрт елдің ұлттық сарапшылары "Орталық Азиядағы мұздықтарды мониторингілеу мен модельдеудің әлеуетті бірлескен әдіснамасы бойынша Ұлттық зерттеу" тақырыбында ұлттық бағалау баяндамаларын дайындады және ұсынды.

Сарапшылардың ұсынылған Ұлттық баяндамалары өңірлік үйлестіруді нығайту үшін мұздықтарды мониторингілеудің, бағалаудың және болжаудың жалпы өңірлік әдіснамасын әзірлеу мен келісуде өңірлік жұмыс тобының одан әрі жұмысы үшін негіз болды.

Сарапшылар мұздықтар бойынша жұмыста бірлескен өңірлік тәсіл үшін 2023 жылғы тамызда Қазақстандағы Кіші Алматы өзені бассейніндегі Тұйықсу мұздығына алғашқы бірлескен өңірлік ғылыми экспедиция өткізуді, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің барлық мүдделі институттарымен мұздықтарды мониторингілеу және зерттеумен айналысатын ұйымдар арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюды ұсынды.

 

 Отырыста орталық директоры - Балықбаев Такир Оспанұлы сөз сөйлеп, GIZ "Жасыл Орталық Азия" бағдарламасы бойынша өңірлік ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсеткені үшін отырыстың барлық ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғысын білдірді, атап айтқанда, басым бағыттардың бірі – ОА-дағы мұздықтар бойынша жұмыс жасау және ұсынылған жобада өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қосылуға және Тұйықсу мұздығына ғылыми экспедиция жұмысына белсенді қатысуға дайын екендігін растады.

 Орталық Азия ведомстволары мен Орталық Азиядағы мұздықтарды мониторингілеу және модельдеу жөніндегі өңірлік жұмыс тобы басшыларының бірлескен отырысының нәтижесінде өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға келесі ұйымдар қол қойды:

 * ЮНЕСКО аясындағы 2-санатты Орта Азия өңірлік гляциологиялық орталығы, Қазақстан Республикасы;

* Орта Азия жерді қолданбалы зерттеу институты, Қырғыз Республикасы;

* Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының су проблемалары және гидроэнергетика институты жанындағы Тянь-Шань биік таулы ғылыми орталығы;

* "Тәжікстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы мұздықтарды зерттеу орталығы" мемлекеттік ғылыми мекемесі;

* Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы қоршаған ортаны қорғау Комитетінің гидрометеорология агенттігі;

* Өзбекстан Республикасы Табиғи ресурстар Министрлігі жанындағы Гидрометеорологиялық қызмет агенттігі;

* Өзбекстан Республикасы тау-кен өнеркәсібі және Геология министрлігінің жанындағы Геология ғылымдары университеті жанындағы Х. М. Абдуллаев атындағы Геология және геофизика институты

 

"Жасыл Орталық Азия"

Мамыр 18, 2023